"Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты (видео)
"Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты (видео)
204
оқылды

Алғашқы кездесуде елордалық клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын

Еуропа лигасы плей-офф кезеңі аясында қарымта Борисовта БАТЭ клубымен кездескен елордалық «Астана» футбол клубы 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Алайда «Астананың» сырт алаңда жеңілуі біздің клубтың Еуропа лигасы топтық кезеңге шығуына кері әсерін тигізген жоқ. «Астана» екі ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы кездесуде елордалық клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

Ал сырт алаңдағы кездесуде БАТЭ ә дегеннен белсенділік танытты. Аянатын ештеңе қалмаған белорусь клубы есепті бірінші ашты. Ойынның 6 минутында Максим Скавыш «Астана» қақпасынан саңылау тапты. 

Бірінші таймда алаң иелері қысым көрсетіп, жиі шабуылдаумен болды. Бірақ мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. «Астана» тек екінші таймнан бастап өз ойынын тапты. Бірде Марин Томасов, бірде Роман Муртазаев БАТЭ қақпасына тура соққы бағыттап, есеп ашуға талпынған. Алайда Григорчук шәкірттері де бір апта бұрынғы қарқынын бәрібір көрсете алмады. 

Ал 76 минутта БАТЭ екінші голын соқты. Бірақ лайнсмен жергілікті шабуылшының ойыннан тыс қалғанын байқап, бұл гол есепке алынбады. 

Матч аяқталуға 15 минут қалғанда Роман Муртазаевтың орнына шабуылшы Рангело Янга шықты.

Дегенмен БАТЭ мұнымен де шектелмепті. 85 минутта Владимир Яблонский айып алаңының сыртынан шірене теуіп, гол соқты. 

Әрі қарай Беларусь клубы қарқынды шабуылдарын одан әрі үдете түсті. Одан әрі қарсыластар гол соға алған жоқ. "Астана" қалған уақытта мейлінше қорғанып ойнаса, бірде БАТЭ ойыншылары мүлт кетіп жатты. Осылайша, матч 0:2 есебімен БАТЭ жеңісімен аяқталды. Бірақ әрі қарайғы жорықты "Астана" жалғастырмақ.