Тағы да жұмыссыз қалған қанша адам 42 500 теңгеден алды?
Тағы да жұмыссыз қалған қанша адам 42 500 теңгеден алды?
Фото: Интернеттен алынды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 7 тамыз сағат 09:00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға берілетін 42 500 теңге біржолғы төлем тағайындауға 2 млн 480 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлемді 2 млн 227,1 мың қазақстандық алды. Оның ішінде 2 млн 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 млн 480 мың өтінімнің ішінде: – 835,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген; – 632,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 370,2 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 642,6 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 835,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта); – 224,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген; – 1 млн 420,5 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Өтініш қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.