Жақсылық жасауға жарысады
Жақсылық жасауға жарысады
5,147
оқылды
Жақында қаладағы  «Керімбек би» мешіті жама­ғатының бастамасымен қалалық ауруханаға оттегі концентраторы, қорғаныс киімдері, қорғаныс бетпер­делері, респиратор KN 95 сыйға тартылды. Құрбан айт мейрамы кезінде игі істі жүзеге асырып, жерлестеріне қолынан келген көмегін көрсетіп жатқан мешіт жамағатының қайырымдылығы береке-бірліктің үлгісі болды және басқаларға да қозғау салды. Текелі қаласындағы «Мейірім» тобында 40 ерікті бар. Жыл басынан бері еріктілер үш рет «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын өткізіпті.  Кеншілер шаһарындағы «Шапағат» қарттар үйінің ауласын тазалап, тап-тұйнақтай етті және Ұлы Отан соғысының ардагері  Михаил Абрамовичтің ауласын қыста қардан тазалап, көктемде әктеп-әрлеп, абаттандырып берді. Еріктілер еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қиын кездері 204 отбасына азық-түлік, қала тұр­ғындарына 1 520 бетперде таратты. Қазіргі кезде қала бойынша апта сайын қалада тазалық акциясын өткізуде.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы