Түркияда күшті жер сілкінісі болды
Түркияда күшті жер сілкінісі болды
© Сурет ғаламтордан
285
оқылды
Жұма күні Түркияның шығысында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Life.ru. Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар жөніндегі агенттігінің басшысы Мехмет Гүллүоғлу магнитудасы 6,8 болатын жер сілкінісі Элязыг провинциясының Сивридже қаласының ауданында орын алғанын мәлімдеді. Элязыг және Малатья провинцияларының губернаторлары қаза болғандардың жалпы саны 14 адам екенін хабарлады.  Тағы 270 адам жарақат алған. Жер сілкінісі көрші провинциялар - Диярбакырда, Адыяманда және Самсунде сезілді. Жер асты дүмпулерін Израиль, Ирак пен Сирия тұрғындары да сезген. Жалпы алғанда 100-ден астам тұрғын үй қирады. Хабарламада айтылғандай, құрылыс ірі елді мекендерде ғана емес, сондай-ақ шұғыл қызметтер жете алмайтын жерлерде де қираған. Билік өкілдерінің айтуынша, көптеген жерлерде қирандылар астында адамдар болуы мүмкін. Бұл алда жер сілкінісі құрбандарының санын өсуіне әкеледі деген болжам бар.