Қазақстанда шылым шегуге тыйым салынған орындардың саны көбейді
Қазақстанда шылым шегуге тыйым салынған орындардың саны көбейді
Фото: Интернеттен алынды
Бұдан былай жабық автобус аялдамалары, балалар алаңдары, метро, жерасты өткелдерінде электронды темекі, кальян және темекі өнімдерінің барлық түрлерін шегуге тыйым салынады.
«Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалиция­сының басшысы Жәмила Садықованың айтуынша, шылым, қорқор шегуге қоғамдық орындарда түбейгейлі тыйым салу керек. Себебі, бір адам шылым тартса, оның зардабын айналасындағылар тартады. Қоғамдық тамақтану орындарында шылым шегуге тыйым салынған соң, енді үйде шегуге көшті. Бір темекінің зардабынан оның айналасында қаншама адамның денсаулығына зиян келіп жатқанына екенің бірі мән бермейді.  
Қолданысқа енген жаңа заңға сәйкес, темекі, кальянға арналған түрлі қоспаларды 21 жастан асқан азаматтар ғана сатып ала алады. Саудагерлер сатып алушының жеке куәлігін талап етуі тиіс. Сондай-ақ темекі, қорқор қоспалары дүкен сөрелерінде қолжетімді жерде тұрмайды. Қоғамдық ортада рұқсат етілмеген жерде шеккені үшін айыппұл салынады.