Тарихи шешім шыққан күн
Тарихи шешім шыққан күн
149
оқылды

Түркістанда Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Конституция күніне орай «30 тамыз – Конституция күні» атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты шараны Nur Otan пар­тиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев құттықтау сөзімен ашты.

– Сіздерді еліміздегі маңызды мерекелердің бірі – Конституция күнімен құттықтаймын. Осыдан жиырма төрт жыл бұрын, 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді. Осынау аз уақыттың ішінде Қазақстанның Ата заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді. Тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп, мемлекетіміздің бүгіні мен болашағын баянды етті, – деген партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары партия қатарына жаңадан қосылған азаматтарға партия билеті мен төсбелгісін табыстады.

Кездесу барысында Бейсен Тәжібаев Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы атынан партия жұмысын іл­герілетуге үлес қосқан белсенді қызмет­керлер мен азаматтарға арнайы алғысхат табыстады.

Мерекелік кешке арнайы келген Ауған соғысының ардагері Ергентай Көшкінбаев, облыстық Jas Otan Жастар қанатының кеңесшісі Нұрболат Жүрсін жиналған көпшілікті құттықтап сөз сөйледі. Шарада балалар хоры мен облыстың күміс көмей әншілері өнер көрсетіп көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, келер жылы ел Конс­титуциясының қабылданғанына 25 жыл толады. 1993 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз тұңғыш Конституцияның негізгі заңы қабылданды, 1995 жылы 30 тамызда қо­ғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституция өмірге келді.


Түркістан облысы