Алматыда үй карантині режимін бұзған 15 симптомсыз тасымалдаушыға айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
«Бүгінде үй карантинін бұзушылар бар. 15 симптомсыз тасымалдаушыға айыппұл салынды. Сондай-ақ, үш алматылық үйінен ауруханаға ауыстырылды. Мұндай шешімге өздері келді», – дейді Жандарбек Бекшин.Оның айтуынша, үй карантинінде отыратын адамдар үнемі тексеріледі.
«Күні кеше арнайы топ 200 үйді тексерді, нәтижесінде 23-і үйінен табылған жоқ. Яғни, көшеге шығып кеткен»,– дейді Жандарбек Бекшин.