Әрбір оныншы қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін ала алады
Әрбір оныншы қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін ала алады
© сурет интернеттен алынды
Келешекте әрбір оныншы қазақстандық (жалпы халық санының 11,5%) коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін ала алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Қазақстан коронавирус індетіне қарсы екпе туралы барлық әлемдік тәжірибені зерттеді. Соның нәтижесінде, осы саладағы тәжірибесі мол халықаралық ұйыммен жұмыс істеуге уағдаласты. Атап айтқанда, вакциналар мен иммундық белсенділік жөніндегі жаһандық альянстың (GAVI) және эпидемияға қарсы дайындық жүргізетін (CEPI) коалицияның, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бірлесіп құрған COVAX Facility бағдарламасына қосылды. Аталған бағдарламаға қатысушы елдер халқының 20% вакцинамен қамтамасыз етуге кепілдік алады. GAVI ұйымының мәліметінше, індетке қарсы екпенің бір дозасының бағасы10- 20 доллар аралығында болады. (Ұлттық валютамен есептегенде 4142-8284 теңгеге дейін) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бағалауы бойынша, қажетті мөлшердегі екпені сатып алуға (көлік шығындарын есептемегенде) 18 миллион теңгеге дейін ақша жұмсалады. (9377,8 - 18 075,7 миллион теңгеге дейін) "Екпе толықтай тегін жасалады. Қазақстанда адын ала есеп бойынша 2 182 000 адам екпе алады. Бұл-жалпы халық санының 11,5 пайызын қамтиды. (Жасы 65-тен асқан, ұзақ уақыттан бері түрлі дертпен ауыратын азаматтарды және медицина қызметкерлерін де қамтиды) Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақысыз екпе алатын халықтың санын 20% -ға дейін ұлғайтуды және олардың санына созылмалы аурулармен тіркелген балалар мен ересектерді, балалар мен жабық мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерді және басқа да санаттағы азаматтарды қосу мүмкіндігін қарастыруда", - деп жазды ол.