Бейруттегі жарылыстан қаза болғандар саны 154-ке жетті

Бейруттегі жарылыстан қаза болғандар саны 154-ке жетті

Ливан астанасы Бейруттегі жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 154 адамға жетті. Бұл туралы Sky News Arabia хабарлады. Бұған дейін 149 адам қайтыс болып, 5 мыңнан астам адамның жараланғаны хабарланған болатын. Еске салсақ, Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болған. Жарылыстың жойқан болғаны соншалық, жақын маңда орналасқан үйлердің, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттардың терезелері сынған. Желіде жарылыстың видеосы тараған болатын. Бейрут портындағы жарылыстың себебі – дұрыс сақталмаған аммиак селитрасы. Оның алдында теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған болуы мүмкін деген хабар тараған. Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келгенін хабарлағанбыз. Ливанда 5 тамыз ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.