Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» коронавирусқа қарсы вакцина өндіру ісіне атсалысады

Рая Мінап Рая Мінап
Тамыз 7, 2020
«Самұрық-Қазына» коронавирусқа қарсы вакцина өндіру ісіне атсалысады 1
37
қаралым

Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндалды.

Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қордың биылғы наурыз айында дәрігерлерге, полиция және әлеуметтік сала қызметкерлері үшін 6 миллион бетперде алуға қаржы бөлгенін айтты.

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Президентке компанияның Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе атқарған жұмыстары туралы мәлімет берді. Бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде қор қаржысына 100 жедел-жәрдем көлігі, 1000 оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1000 ипульстік оксиметр және 3000 вирусқа қарсы «Авифарир» дәрісі сатып алынған.

Ахметжан Есімов Мемлекет басшысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес қордың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында салынатын жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау бойынша емханалардың құрылысына қаржы бөлетінін жеткізді.

Қор төрағасы Президентке Ресеймен бірлесіп қолға алынған коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жоспары жайында айтты.

Кездесуде «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялардың қазіргі жағдайы да талқыланды. Ахметжан Есімов биыл Үкіметке 120 миллиард теңге көлемінде дивиденд төленетінін, мұның 2017 жылмен салыстырғанда он есе көп екенін айтты. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорға 50 миллиард теңге қаржыны мерзімінен бұрын аударған болатын.

Тегтер: «Самұрық-Қазына»вакцинакоронавирус
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Тобыл» командасының бас бапкері тағайындалды

Түркістан облысында мал ұрлаумен айналысқан 7 адам ұсталды

Шымкентте белгісіз біреулер аяусыз соққыға жыққан ер адам есін жимастан көз жұмды

«Жауһар жәдігер» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Доллар тағы 6 теңгеге арзандады

Ота жасатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы белгілі болды

1-сыныптан бастап жаңа пән енгізіледі – Ералы Тоғжанов

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»