Алматыда тұрғындарға карантинді бұзғаны үшін айыппұл салатын алаяқтар пайда болды
Алматыда тұрғындарға карантинді бұзғаны үшін айыппұл салатын алаяқтар пайда болды
Бұл туралы онлайн-брифингте қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. "Қалада бір топ, жас жігіт және бір қыз жұмыс істейді. Олар өздерін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері деп таныстырады. Егер бұзушылықтар анықталса, олар ақша талап етеді. Мұндай жағдайда ресми куәлікті талап ету керек. Мұндай алаяқтар бар екенін ұмытпауымыз керек", - деді Жандарбек Бекшин. Сондай-ақ, ол мұндай жағдайлар туралы ақпаратты тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне беруді сұрады. Бұған дейін Бекшин Алматыда коронавирус індетінің жұғу деңгейі төмендегенін хабарлады.