Партиялық бақылау комиссиясы дәріханаларды тексерді
Партиялық бақылау комиссиясы дәріханаларды тексерді
 Бүгін партияның Хромтау аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы мүшелері дәріханаларға  бақылау жұмыстарын жүргізіп, кейбір дәрілердің арзан екенін байқады. Алайда шекті бағасынан жоғары құнмен сатылып жатқан дәрілер де бар. Бірінші кезекте сұраныстағы дәрі бағаларының тұрақтылығы ескерілді. Аудандағы  «Таң», «Айболит» дәріханаларында левофлоксацин, новокаинның бағасы арзан, ал ципрофлоксацин, циклоферон дәрілерінің құны қымбаттау екені анықталды. Дәріханашылар дәрінің бағасы фирмасына және складтағы бағасына орай сатылымға шығарылатындығын айтты. – Дәрі-дәрмектер дәріханаға аптасына  үш мәрте жеткізіліп тұрады. Қызу түсіретін препараттарға, әсіресе парацетамолға сұраныс әлі де бар.  Сондықтан бұл дәріні белгілі бір мөлшермен береміз,  – деді фармацевт Айгүл Дүзбаева.  width= Дәріханаларда медициналық қолғап пен бетперделер жеткілікті. Аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясының мүшесі, дәрігер Галина Третьяк дәріханада таусылып қалған кейбір қажетті дәрілердің аналогын сұрап, тұрғындарға қолжетімділігін арнайы бақылады. –Дәрілердің бағасы мен қолжетімділігі үнемі біздің бақылауымызда. Індет басталғалы дәріханаларға 4 рет рейд жұмыстарын жүргіздік. Бүгін тұрғындардың көбі қызу түсіретін дәрілерді емес,  имунитетті көтеретін витаминдер сұрады. Бұрынғыдай ажиотаж байқалмайды. Індеттің айылын жиып келе жатқаны бізді қуантып отыр, – деді партияның Хромтау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жантас Нұримов.