Бүгін партияның Хромтау аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы мүшелері дәріханаларға бақылау жұмыстарын жүргізіп, кейбір дәрілердің арзан екенін байқады. Алайда шекті бағасынан жоғары құнмен сатылып жатқан дәрілер де бар.
Бірінші кезекте сұраныстағы дәрі бағаларының тұрақтылығы ескерілді. Аудандағы «Таң», «Айболит» дәріханаларында левофлоксацин, новокаинның бағасы арзан, ал ципрофлоксацин, циклоферон дәрілерінің құны қымбаттау екені анықталды. Дәріханашылар дәрінің бағасы фирмасына және складтағы бағасына орай сатылымға шығарылатындығын айтты.
– Дәрі-дәрмектер дәріханаға аптасына үш мәрте жеткізіліп тұрады. Қызу түсіретін препараттарға, әсіресе парацетамолға сұраныс әлі де бар. Сондықтан бұл дәріні белгілі бір мөлшермен береміз, – деді фармацевт Айгүл Дүзбаева.