Аралда атқарылған шаруа көп
Аралда атқарылған шаруа көп

Елбасының бастамасымен өмірге келген бағдарламалар мен тың идеялардың ықпалы зор. Соның бір мысалын Сыр еліндегі Арал ауданынан байқауға болады. Мәселен, аймақ жұртшылығы үшін аса маңызды бірқатар мәселелер шешілуде. Жыл басынан бері жұмыс іздеуші есебінде 1832 адам болған. Оның 1387-і жұмыспен қамтылған, ал 889-ы – жұмыссыз статусын алғандар. Бұл шаруа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар бағдарла­ма­ның бірінші бағыты бойынша қатысу­шыларды техникалық, кәсіптік бі­ліммен және қысқа­мерзімді кә­­­сіптік оқумен қамта­масыз ете­ді. Мысалы, қыркүйек айында 9-11 сыныпты бітіру­шілер, оқу орын­дарына түспеген, жұмыс із­деп жүрген адамдар, сондай-ақ аза­маттардың өзге санаттарына жа­татын үміткерден 100 адам оқы­ту жоспарлануда. Ал қысқа­мер­зімді кәсіптік оқуға респуб­ли­ка­лық бюджеттен 180 адамды оқы­туға 55,557 млн теңге бөлінді. Оған қоса, еңбек нары­ғына бай­ла­нысты қажетті маман­дықтың бірі – тігіншілік бойынша 20 адам оқуға жолданды. Жаппай кәсіп­кер­лікті дамыту үшін «Бастау Биз­нес» жобасы аясында 110 адам­ды оқыту жос­парланса, жыл ба­сынан бері 96-сы оқы­тылды. Оның 50 адамына 100 айлық есеп­тік көрсеткіш бойын­ша мем­лекеттік грант беру жоспарлануда.

Бағдарламаның үшінші ба­ғы­ты бойынша халықты жұмыспен қам­туға жәрдемдесіп, еңбек нары­ғын да­мытуға үлес қосуда. Мысалы, ау­дан бойынша жыл көле­мінде 900 жаңа жұмыс орын­дарын ашу жос­пар­ланса, оның 428-і орын­далды. Мұ­ның 121-і ауыл­дық жер­де ашыл­­ды. Ал әлеу­меттік жұмыс орын­­дарына рес­пуб­лика­лық бюд­­жеттен 70 адамға 25 млн теңге бө­­лініп, 111 адам әлеуметтік жұ­мыс орында­рына жолданды. Оның бесеуі тұ­рақты жұмысқа ор­наласты. Ал 212 жас маман жас­тар тәжіри­бе­сіне жолданып, тә­жірибеден өт­кен 17 маман тұ­рақ­ты жұмыс тапты.

Қазіргі таңда келешекке кемел бі­ліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңі­ліп, қоғамға бейім, өз қабілетін та­ныта алатын, жан-жақты да­мы­ған бірнеше тілді меңгерген, құ­зі­ретті тұлғаны қалыптастыру – бас­ты мақсаттардың бірі.

Әлемде қанша ұлт, нәсіл бол­са, солардың бір-бірінен дара­ла­нып тұратын бойтұмары – туған тілі. «Әр халықтың ана тілі – бі­лім­­нің тілі» деп А.Жұбанов тілдің аза­мат өміріндегі маңызын аша түс­кен. Елбасының салиқалы сая­сатының арқасында еліміз бе­реке мен бірліктің, ынтымақ пен дос­тықтың үлгісі ретіндегі кө­п­ұлт­­ты мемлекетке айналып отыр. Тұңғыш Президент атап өт­­­кендей, «Біз – көпұлтты қо­ғам­быз. Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыстың тілі мен мәде­ние­тін, салт-дәстүрін дамытуға ба­рынша жағдай жасауды алдағы уа­қытта да жалғастыра беретін бо­ламыз» деген еді.

Елдегі тілдерді дамыту мен қол­данудың 2011-2020 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдар­ла­ма­сын жүзеге асыру мақсатында мем­лекеттік тілдің қолданыс ая­сын кеңейтпекші. Соған орай, ау­дандағы мемлекеттік қыз­мет­шілер мен мемлекеттік қызмет көр­сететін ұйым қызметкер­лері­нің мемлекеттік тілді меңгеру дең­­­­гейін анықтау мақсатында «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тес­ті­леуден 30 адам өткізіледі. Был­тыр 19 адам тестілеуден өткен бо­­латын.

Балық аулау көлемінің өсуі балық өңдеу саласының дамуына мүмкіндіктер жасады. Аудандағы балық аулайтын шаруашылықтар мен балық өңдеу кәсіпорын­да­рында мыңдаған адам жұмыспен қамтылды. Өңірде жылдық қуат­ты­лығы 18 900 мың тоннадан астам 7 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның төртеуі ба­лықты терең өңдеумен айна­лыс­са, үшеуі балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеу­мен айналысады. .

Осындай қолдаудың нәти­же­сінде республика көлемінен бас­тап өңіріміздегі білім беру жүйе­сі­нің өзекті мәселелері дер кезін­де шешімін табуда. Атап айтатын болсақ, біріншіден, мектепке дейін­гі тәрбиелеумен және оқы­ту­мен қамтылған 3-6 жастағы ба­ла­лардың үлесі 2016 жылдан бері 100 пайыз сақталады. Екін­ші­ден, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша жо­ғары және техникалық кәсіптік бі­лімі бар мектепке дейінгі ұйым­дардың педагог қызметкерлерінің үлесі ауданда былтыр 60 пайыз кө­лемінде болған. Ендігі мақсат – өсіп келе жатқан ұрпаққа сапа­лы орта білім беріп қана қоймай, балалардың құқығы мен заң­ды мүддесін қорғауды қамта­ма­сыз ету, рухани жағынан да­­мыған, табысты азаматты қа­лып­тастыру. Осы мақсатта біраз жұ­мыс атқарылуда. Соның қа­та­рында Назарбаев Зияткерлік мек­тептері бар. Жаңартылған бі­лім беру тәжірибесі бойынша бұл мек­тептің үлесі 100 пайыз дең­гейінде орындалуда. Оған қоса, қазақ­стандық оқушылардың халықа­ра­лық зерттеулердегі ЭЫДҰ мойын­даған нәтижелері бойын­ша, 2015 жылы ТIMSS зерт­теуіне №262 мектеп-гим­на­зия қатысып, жоғары нәтиже көр­сетсе, 2018 жылы PISA аудан­дағы №83, 72, 200 мектептерде өт­кізілді. Қазіргі таңда мате­риал­дары Халықара­лық зерттеу ор­талығында сарап­та­мадан өткі­зілу­де. Осының бәрі – мектепке дейін­гі сапалы тәр­бие­леу мен оқы­туды қамтама­сыз ету көр­сет­кіш­тері.

Бүгінде облысқа ортақ жұмыс­тар­дың дені – мемлекеттік-жеке­мен­шік әріптестік аясында атқа­ры­лып жатыр. Соның арқасында Арал ауданының экономикасы әр салада жүзеге асырылуда. Бұған түрткі болған Елбасының халыққа Жолдауында айтылған «экономиканы дамытуда, іскер­лік белсенділік пен жұмыс­пен қам­туды ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажет» деген сөзі.

Құрылыс индустриясы – эко­но­миканың негізгі іргетасы. Кез келген елдің экономикалық күш- қуаты мен әлеуетінің тұрақтылы­ғы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Арал ауда­ны­ның құрылыс индустриясы қарқынды дамып, ел экономи­касының, оның ішінде тұрғын­дардың әлеуетінің артуына айрықша әсер етуде. Құрылыс­шылардың еңбегін мыңдаған тұрғын үй мен қызмет көрсету ғимаратында, мектеп пен бала­бақша, аурухана мен емханадан көруге болады.

Оған қоса, Аралда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілердің саны жылдан- жылға көбейіп келеді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алуда. Сонымен бірге мыңдаған шақырым жолдар сайрап жатыр. Ел қуанышына айналған көрікті үйлерді көргенде жүрегіңе қуа­ныш ұялайды. Мысалы, Құрылыс мердігері – «КОМБИ-СТРОЙ-I» ЖШС былтыр құрылыс-монтаж жұмыстарынан 49,197 шақырым су құбыры тартылды. Оның 5,850 шақырым магистральды құбыр, 43,347 шақырым абоненттік су құбыры. Жергілікті жер үшін бұл – үлкен жаңалық. Бұл жерде ауызсу мәселесі де шешілген. Мәселен, 731 тұрғын үйге ауызсу құбырлары жеткізілді. Техни­калық шарт дайын болған соң, 340 үйге су есеп­тегіш құрыл­ғы­сымен су ішетін шүмек орна­тылды. Биыл­дың өзінде ұзын­ды­ғы 54 000 метр, диаметрі 20 х 2,3 мм ПЭ құбыр тартылып, 1150 тұрғын үйге су кіргізілді.

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Жолда­уын­да елімізде ауыл шаруа­шылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауарлары экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырған болатын. Президент те Қазақстанның агро­өнеркәсіп кешені ел эконо­ми­касын дамыту­дың жаңа драй­вері болуы керегіне баса назар аударған еді. Ауыл шаруа­шылығы саласын мемле­кетіміздің тұрақты қолдауының арқасында, өнімі­міздің ауыл шаруашылығы саласы жылдан жылға қарқынды дамып келе жатқанын еске алып, Жол­дауда нарықта сұранысқа ие бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорт көлемін ұлғайтып, жеке қосалқы шаруашылық­тардың әлеуетін пайдаланып дамыту жөнінде тапсырмалар берген болатын.  

Мысалы, биыл аудан бойын­ша барлығы 203,4 гектар жерге егін егілді. Атап айтсақ, 15 гектар жерге жоңышқа, 2 гектарға кар­топ, 84 гектарға бақша, 14 гектар жерге көкөніс, 5 гектарға аула көшеттері отырғызылған. Егінді ауданда негізінен Ақирек және Жаңақұрылыс ауылдық округ­теріндегі жеке және шаруа қожа­лықтары егеді. Ақирек ауыл­дық округі егіске қажетті суды Басы­қара каналынан алса, Жаңа­құрылыс ауылдық округі Қара­арық каналынан алады. Осы егіске қажетті суды «Қазалысу­шар» өндірістік учаскесінен келісімшарт жасау арқылы жүргізіледі. Осының бәрі – елдегі агроөнеркәсіп кешенін дамыту­дың 2017-2021 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарламасы бойын­ша жасалып жатқан жұмыстар.


Егер мал шаруашылығына бет бұрсақ, мұнда да біраз шаруалар жүзеге асқан. Соның бірі – асылтұқымды мал санын көбейту. Жаңақұрылыс ауылдық округін­дегі «Әулие төбе» шаруа қожалығы 120 бас, Октябрь ауылдық окру­гіндегі «Жомарт» шаруа қожа­лығы 100 бас асылтұқымды ет бағытындағы мүйізді ірі қара мал әкелу үшін жұмыс атқарып жатыр. «Жомарт» шаруа қожалы­ғының басшысы Қазыбек Әлібеков Ресейге барып, мал көріп, қазан айында алатын болып келіскен. Осы шаруа қо­жа­лықтары «Ауыл шаруа­шы­лығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда филиа­лына барып, тамыз айында мал алуға қажетті несиенің құжат­тарын тапсыруға келісімге келген. 

Қазір осындай жағдаймен ісін жүргізіп отырған шаруа қожа­лықтары жетерлік. Мәселен, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға және «Арал ырысы» кредит­тік серіктестігі» бүгінгі күнге дейін Сазды ауылдық округінен «Нурбақыт» шаруа қожалығы 200 бас қой сатып алуға гарантын заңдастырып жатса, Жақсықылыш кентінен «Қази» шаруа қожалығы 500 бас қой сатып алуды заңдастыруда. Ал Арал қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Айнасұлу Темірбаева 445 бас қой алуға құжаттарын толық тапсырса, Қарақұм ауылдық окру­гінен «Құрман» шаруа қожа­лы­ғы 142 қойға тапсырыс берген. Сонымен қатар биыл 7 180 бас мүйізді ірі қара малдың аналығын тұқымдық түрлендіруге қатысты­ру жоспарланған. Бүгінде 1449 бас аналық сиыр және 90 бас асылтұқымды бұқа, тұқымдық түрлендіру үшін бағылып жатыр.

Арал ауданындағы балық шаруашылығының даму қарқыны жылдан-жылға артып келеді. Бұл ауданның қайта жандануына жол ашады. Оның үстіне, соңғы жыл­дары Елбасының тікелей қол­-дауымен жүзеге асқан «Сыр­дария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау» ісі жүргізіліп жатыр. Мәселен, Кіші Арал теңізімен Қамыстыбас, Ақшатау көлдер жүйесінде балық аулау лимиті бекітілген. Ел ағаларының жана­шырлығы, мемлекеттің қолдауы, азаматтардың іскер­лігімен қаншама жаңалық болып жатыр. Оған қоса ауданда балық өнім­дерін сыртқа шығаруда да қарқын алуда. Жоғарыда айтып кеткен­дей, Кіші Арал теңізінен балық аулау лимиті – 6 678 тонна, Қамыс­тыбас көлдер жүйесіне – 335 тонна, Ақшатау көлдер жүйе­сіне – 23 тонна, Приморский көл­дер жүйесіне – 31 тонна. Негі­зі аудан бойынша барлық лимит 7 067 тонна болып бекітілген.

Балық аулау көлемінің өсуі балық өңдеу саласының дамуына мүмкіндік жасады. Аудандағы балық аулайтын шаруашылықтар мен балық өңдеу кәсіпорын­да­рында мыңдаған адам жұмыспен қамтылды. Өңірде жылдық қуат­ты­лығы 18 900 мың тоннадан астам 7 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның төртеуі ба­лықты терең өңдеумен айна­лыс­са, үшеуі балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеу­мен айналысады. Аудан бойынша бір зауытта ғана Еврокод белгісі бар. Ол – «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі балық өңдеу зауыты. Еврокод – Еуропа нарығына шығуға мүм­кіндік береді. Аудандық аумақтық инспекциясының мәліметі бойынша, 1091,516 тонна балық өнімі экспортқа шығарылды. Аудандағы негізгі экспортты «Арал СДО» ЖШС, «Қара­шалаң СДО» ЖШС, «Қуа­ныш» ЖШС, «Камбала балық БӨО» ЖШС, ЖК «Кошекбаев Д», ЖК «Караев Ж», ЖК «Кош­кар­баев С» кәсіпорындары шығарып отыр.

Аудан орталығынан 120 шақырымдағы Қосжар ауылында орналасқан Қамыстыбас балық өсіру питомнигі мен оның Тастақ учаскесінде балық өсіруге арнал­ған арнайы инкубациялық цех­тары бар. Оның біреуі гумани­тарлық көмек арқылы Израильден әкелініп, құрал­дарымен жаб­дықталған. Облыс көлемінде табиғи су айдындарының балық қорын көбейту мақсатында республикалық бюджеттен жыл сайын Кіші Арал теңізіне және Ақшатау көлдер жүйесімен Приморский, Қамыстыбас көл­дер жүйесіне осы «Қамысты­бас балық питомнигі» РМКҚ арқылы 14 млн 800 мың дана бір жылғы майда шабақтар және 420 мың екі жылғы шабақтар жіберіліп өсірілуде.

Кіші Арал теңізінде бүгінгі күнге дейін 18 балық аулау учас­кесі болса, олардың барлы­ғында қазіргі кезде ұзақ мерзімге бекі­тіліп берілген өз иелері бар. Бұдан басқа ауданда 20 шақты көл бар. Оның 16 көлі табиғат пайдала­ну­шыларға ұзақ мерзімге бекітіліп берілген. 4 көл резервте болған­дықтан, пайдаланылмай тұр.

Өңірді дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданда канал тазарту жұмыстары жүргізілуде. Осыған облыстық бюджеттен экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақ­сарту үшін Ақирек ауылдық округінің Қаһар каналы Қара­терең ауылдық округіндегі Баян каналы, Бөген ауылдық окру­гіндегі Көкіш каналының тазалау жұмыстарын жүргізуге қаржы қаралды. Сонымен қатар Ақирек ауылдық округіндегі Шолақарық каналына тазалау және канал бойындағы гидротех­никалық құрылыстарды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба сметалық құжаттары жасалды. Жетес би ауылдық округіндегі Советжарма каналының сағасына   3 көзді су тоспасын салуға қаржы бөлінген. Оның өзі Қызылорда облысының жұмылдыру дайын­дығы басқармасы арқылы биыл облыстық бюджеттен қарас­ты­рылған.

Ендігі міндет – Арал ауда­нының әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру. Аудандағы жаппай кәсіпкерлікті одан ары дамыту, тұрақты жұмыс орындарын ашу және салық түсімдерін молайтып, халықтың жағдайын жақсарту. Сонда ғана тұғыры биік ел боламыз.


Миуа БАЙНАЗАРОВА, 
Қызылорда облысы,
Арал ауданы