Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 19 миллионнан асты
Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 19 миллионнан асты
©REUTERS
131
оқылды
  8 тамызда таңғы статистика бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 19,2 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университетінің жобасында жазылған. Университет мәліметінше, әлемде COVID-19 вирусын 19 266 406 адам жұқтырған, 718 530 науқас инфекциядан көз жұмса, тағы 11 671 253 адам жазылып шыққан. Вирус ең көп тараған елдердің тізімі мынадай: АҚШ - 4,928,802 жұқтырды, 161,052 қайтыс болды, Бразилия - 2 962 442 жұқтырды, 99 572 қайтыс болды, Үндістан - 2 027 074 жұқтырды, 41 585 қайтыс болды, Ресей - 875 378 жұқтырды, 14 698 қайтыс болды, ОАР - 545 476 жұқтырды, 9909 қайтыс болды, Мексика - 462,690 жұқтырды, 50,517 қайтыс болды, Перу - 455 409 жұқтырды, 20 424 қайтыс болды, Чили - 368 825 жұқтырды, 9958 қайтыс болды, Колумбия - 357 710 жұқтырды, 11 939 қайтыс болды, Иран - 322 567 жұқтырды, 18 132 қайтыс болды. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) коронавирус бойынша статистикасы өзгерек. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 18 902 735-ке жетті, 709 511 адам қайтыс болды. Бір күнде әлемде 278 291 жаңа жағдай тіркелген. Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирус жұқтырған 96 922 адам тіркелді. 70 680 адам сауығып, 1159 науқас қайтыс болды.