ҚХЛ: жаңа маусым қашан басталады?
ҚХЛ: жаңа маусым қашан басталады?
фото: ашық дереккөз
166
оқылды
Құрлықтық хоккей лигасының Директорлар кеңесі 2020/2021 жылға арналған жаңа маусымдағы командалар тізімін бекітті, деп хабарлайды olympic.kz. Жаңа маусым 2 қыркүйекте басталады және турнирде 23 команда бақ сынайды. ҚХЛ-да сынға түсетін командалар қатарында елордалық «Барыс» клубы да бар. Айта кетелік, «Барыстың» биылғы маусымға қатысу-қатыспауы ең соңына дейін белгісіз болатын. Маусымның негізгі бөлігінде жалпы есебі 690 матч өтеді деп жоспарлануда.