"Астана" топтық кезеңде "Манчестер Юнайтедпен" ойнайды
"Астана" топтық кезеңде "Манчестер Юнайтедпен" ойнайды
186
оқылды

Жеребе тарту рәсімі елорда уақытымен 17:00-де басталған

Осы уақытта Монакода Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі аяқталуға жақын. Жеребе тарту барысында "Астананың" да қарсыластары анықталды. 

Астана екінші корзиноға түскен. Сәйкесінше 48 клуб 12 топқа бөлінген. Еске салсақ, кеше біздің клуб Борисовта БАТЭ-ден 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бірақ екі ойынның қорытындысы бойынша Еуропа лигасы топтық кезеңіне жолдама алған болатын. 

А тобы: "Севилья" (Испания), АПОЭЛ (Кипр), "Карабах" (Әзірбайжан), "Дюделанж" (Люксембург).


В тобы: "Динамо" (Украина), "Копенгаген" (Дания), "Мальме" (Швеция), "Лугано" (Швейцария).

С тобы: "Базель" (Швейцария), "Краснодар" (Ресей), "Хетафе" (Испания), "Трабзонспор" (Турция).

D тобы: "Спортинг" (Португалия), ПСВ (Голландия), "Русенборн" (Норвегия), "Ласк" (Австрия).

E тобы: "Лацио" (Италия), "Селтик" (Шотландия), "Ренн" (Франция), ЧФР (Румыния).

F тобы: "Арсенал" (Англия), "Айнтрахт" (Германия), "Стандард" (Бельгия), "Гимарайнш" (Португалия). 

G тобы: "Вольфсбург" (Германия), "Янг Бойз" (Швейцария), "Фейеноорд" (Голландия), "Рейнджерс" (Шотландия).

H тобы: ЦСКА (Ресей), "Лудогорец" (Болгария), "Эспаньол" (Испания), "Ференцварош" (Венгрия).

I тобы: "Арсенал" (Англия), "Гент" (Бельгия), "Сент-Этьен" (Франция), "Александрия" (Украина).

J тобы: "Рома" (Италия), "Боруссия М" (Германия), "Стамбұл" (Түркия), "Вольфсбург" (Германия).

K тобы: "Бешікташ" (Түркия), "Брага" (Португалия), "Вулверхэмптон" (Англия), "Слован Братислава" (Словакия).

L тобы: "Манчестер Юнайтед" (Англия), "Астана" (Қазақстан), "Партизан" (Сербия), "Алкмаар" (Голландия).

Топтық кезең ойындары 19 қыркүйек пен 12 желтоқсан аралығында өтеді. Финал 2020 жылдың 27 мамыры күні Гдансктегі «Энерга-Гданьск» стадионында болады.