Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатты
Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатты
фото: ашық дерекөз
5,179
оқылды
Түркия бірнеше елмен, соның ішінде Қазақстанмен жолаушы тасымалын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшілігі Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Бұл шешім екі ел арасыгнда жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық әуе компаниясына қатысты. Әуе рейстерінің қайта жандануы эпидемиологиялық ахуалға байланысты қаралады. "Түркия бауырлас Қазақстанның коронавирус пандемиясымен күрес аясында қабылдаған шараларын бағалайды", - делінген хабарламада. Еске салайық, осы уақытқа дейін Түркиядан Қазақстанға екі рет медициналық көмек жеткізілді.