Қазақстандық студенттер Ресейге уақытша кіргізілмейді
Қазақстандық студенттер Ресейге уақытша кіргізілмейді
фото: Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі
157
оқылды
РФ-да оқып жүрген қазақстандық студенттер аталған мемлекетке  кіруіне уақытша шектеу қойылды, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі. "Елшілік студенттер мәселесін ерекше бақылауда ұстап, Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Келесі аптада жауап алуымыз мүмкін, бұл туралы ресурстарымызда жедел хабарлаймыз. Жаңалықтарды қадағалап отырығыздар.Туындаған ыңғайсыз жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды және үрейге бой алдырмауды сұраймыз. Мұндай штаттан тыс жағдайлар пандемияға байланысты әлемнің көптеген елінде қалыптасты", - делінген елшіліктің хабарламасында.