Мемлекет басшысы Үндістан халқына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Үндістан халқына көңіл айтты
фото: ашық дереккөз
191
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге әуе апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады tengrinews.kz. "Үндістанның үкіметіне, халқына және премьер-министрі Нарендра Модиге Керала штатында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында (ағылшын тілінен аударма). Еске салайық, 7 шілдеде Үндістанда Air India әуе компаниясының Express Boeing 737 лоу-костері Керала штатындағы Кожикоде әуежайына апатты жағдайда қонды. Соңғы деректер бойынша, 20 адам қаза тапқан, 140-тан астам адам жарақат алды.