Сомали астанасында жарылыс болды

Сомали астанасында жарылыс болды

Сомали астанасы Могадишодағы әскери базаға жақын жерде қатты жарылыс  болды. Салдарынан 8 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Жергілікті Goobjoog News басылымы медицина саласындағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып жанкешті террорист Варта-Надада округіндегі Сомали әскери базасының жанында миналанған көлікті жарып жібергенін жазды. Жарылыс орнының жанында стадион мен полиция бөлімшесі орналасқан.