Президент жүлдесін кім ұтып алды?
Президент жүлдесін кім ұтып алды?
189
оқылды

«Хабар» арнасы 1,5 миллион жеңіп алды

Еске салсақ, кеше Астана аренада Президент жүлдесі үшін журналистер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Бұл еспубликалық турнир Конституциясы күніне орай ұйымдастырылған болатын.

Турнирдің мақсаты – БАҚ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту.

Шағын футболдан өткен турнирге Ақмешіт, Жетісу ТДК, НГС, Баспасөз Президент, Еуразия ОРТ, ҚазСпорт, Хабар24, Қазақньюс, Қызылжар, Қазмедиа, Спорт 59, Өскемен, Тараз, Хабар, Түркістан, Айқын Литер, Егемен Қазақстан, Ел Арна, Шымкент, Атамекен, Қазақ радиолары, QSport, Елорда Ақпарат, Апорт, Орал сынды командалар қатысты.

Тартысты ойында «Хабар» арнасы жеңімпаз атанса, екінші орынды Qazsport иеленді. Үшінші орын «Хабар 24» командасына бұйырды.

1-орынға – 1,5 млн теңге, 2 орынға – 700 мың теңге, 3 орынға – 300 мың теңге берілді. Сонымен қатар, үздік ойыншылар 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.