Дональд Трамптың ұлы Жандостың үйінен дәм татып, киіз үйіне түнеді
Дональд Трамптың ұлы Жандостың үйінен дәм татып, киіз үйіне түнеді
151
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамптың тұңғыш ұлы мен немересі бір апта Моңғолия қырында орналасқан киіз үйде тұрақтап, демалысын есте қаларлықтай өткізген. Ол саяхаттағы әсерімен Instagram желісіндегі жеке парақшасында бөлісті.

«Моңғолияны зерттеу барысында ұлым Донни екеуміз бір апта киіз үйде тұрдық. 4 WD көлігімен және жылқымен көптеген шақырымды бағындырдық. Бұл жер, шынымен де, көрікті. Табиғат көрінісі және адамдардың мейірімі мен күткеннен де жоғары болды. Тамаша демалыстан кейін желіге қайта оралғаным үшін аздап көңіл күйім түсіп тұр. Алдағы уақытта өзге де фотосуреттермен бөлісемін», – деді кіші Дональд Трамп.

Шетелдік қонақтар Баян-Өлгей аймағында болып, этникалық қазақ Жандос Конторбайдың шаңырағында тұрақтап, киіз үйде 9 күн өмір сүрген. Осы уақыт аралығында ол қазақы тағамнан дәм татып, қырдағы өмірдің жай-күйімен танысқан. Тіпті жаңбырдың әсерінен қираған шаңырақты да өзі жөндеген екен. 

Кіші Дональд Трамп Моңғолия еліне сүйсініп, бұл жерге тағы да келемін деген ойда қалған. Ал моңғол халқы шетелдік қонақтарға жоғары деңгейде сый-қошемет көрсете білген. Айта кетерлігі, Моңғолия президенті Халтмагийн Баттулга Дональд Трамптың 13 жастағы ұлы Бэррон Трампқа тұлпар сыйлаған. Бұл туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.