Роналду Чемпиондар лигасында 130-голын соқты
Роналду Чемпиондар лигасында 130-голын соқты
фото: REUTERS
207
оқылды
«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду «Лионмен» болған ойында қос гол соқты (2:1). Чемпиондар Лигасында барлығы 130 голы бар.  Бұл туралы BBC Sport хабарлады. Сөйтіп ол турнир тарихындағы ең үздік шабуылшы және осындай жетістікке жеткен алғашқы футболшы атанды. Криштиану Роналдудан кейінгі орында «Барселона» шабуылшысы –Лионель Месси. Ол барлығы  114 гол соққан. Ал Рауль Гонсалес Бланко үшінші орынды еншіледі. Оның еншісінде барлығы 71 гол бар.