Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қалпына келтіру шаралары талқыланды
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қалпына келтіру шаралары талқыланды
фото: ҚР Сыртқы Істер министрлігі
157
оқылды
Анкара қаласында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесіп, екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі. Тараптар коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында бірлескен іс-шаралар қабылдауға және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Сондай-ақ, қазақстандық тарап Түркия үкіметіне пандемия кезінде елімізге көрсеткен ізеттілік көмегі үшін ризашылығын білдірді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой түрік тарапын COVID-19 індеті бойынша еліміздің қазіргі жағдайы туралы ақпараттандырды. Ол Қазақстандағы ахуал тұрақталғанын және бақылауда екендігін атап өтті. "Келіссөздер нәтижесінде Түркия денсаулық сақтау министрі Қожа аталған мәселені өз еліндегі коронавирус індетімен қарсы күрес жөніндегі ғылым кеңесінің келесі отырысының күн тәртібінде талқылауға қайта шығаратынына сендірді. Сондай-ақ, Қазақстандағы оң динамиканың жалғасуын ескере отырып, бұл мәселе жуық арада өз шешімін табады деп үміттенетінін жеткізді", – делінген хабарламада.