Талдықорғандық кәсіпкерлер билікке талап қойды
Талдықорғандық кәсіпкерлер билікке талап қойды
фото: sputniknews.kz
177
оқылды
Талдықорғанда сауда үйлеріндегі бутиктердің иелері мен жалға алушылар карантинді жеңілдетіп, жұмыс істеуге рұқсат беруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 40-қа жуық кәсіпкер санитар дәрігердің соңғы шешіміне наразылық білдірді, онда тек құрылыс материалдары мен автокөлік бөлшектерін сататын орындар ғана жұмыс істейтіні айтылған. "Шаған", "Евразия", "Әлдибек" сауда үйлеріндегі бутиктердің иелері мен жалға алушылар,  Талдықорғандағы Арбат жабық базарындағы саудагерлер пикет ұйымдастырды. Облыстық СЭС басшылары мен қала әкімдігінің өкілдері ашуланған кәсіпкерлермен кездесті. Құқық қорғаушылар қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалады. "Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Шарапиев соңғы қабылданған қаулылардың талабын түсіндірді. Жиналғандарға сондай-ақ өңірдегі коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді", -  деп жазылған облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Санитар дәрігердің қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 6 тамыздан бастап барлық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жабылды.