Қытайда кене арқылы жұғатын вирус тарала бастады
Қытайда кене арқылы жұғатын вирус тарала бастады
фото: sputniknews.kz
167
оқылды
Қытайда кене арқылы жұғатын SFTS вирусының өршуі тіркелді, деп хабарлайды sputniknews.kz. "Соңғы мәліметтер бойынша, қазірдің өзінде аталған індетті 60 адам жұқтырып, оның жетеуі қайтыс болған. Бастапқыда індет Цзянсу провинциясында тіркелді, кейіннен Аньхой провинциясының тұрғындары да вирус жұқтырғаны анықталды", – делінген Global Times басылымының ақпаратында. Ауру жұқтырғандардың айтуынша, симптомдық белгі ретінде жөтел, дене қызуының көтерілуі және қандағы лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуі байқалады.