ҚХА Төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов праймеризге қатысады
ҚХА Төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов праймеризге қатысады
фото: ашық дереккөз
163
оқылды
ҚХА Төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов праймеризге қатысады. Ол бұл жөнінде facebook парақшасында жазды. «Мен тәжірибемді, жақындарымның кеңестерін ескере отырып, өзімді үміткер ретінде "Нұр- Отан" партиясының праймеризіне ұсыну туралы маңызды шешім қабылдадым. Менің бұл шешімге келудегі мақсатым - депутат болу емес, қоғамға пайдамды тигізу және сол жолда көп күш жұмсау,  бұл мүмкіндікті беретін мемлекеттік билік. Бұл мен үшін өз мүмкіндіктерімді іске асыру жолындағы жаңа қадам», - деп жазды ол. Пулатов өз жұмысында барлық кеңестер мен нақты ұсыныстарды ескеретінін айтты. «Тек шын ниетпен елімізді қуатты, біртұтас, түрлі сала әлі де мықты бола түсуіне күш салғым келеді және сіздің қолдауыңызбен міндетті түрде жетістікке жетемін», - деп жазды ол. Партияішілік сайлау 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өтеді.