Беларусьте президент сайлауы өтіп жатыр
Беларусьте президент сайлауы өтіп жатыр
фото: РИА Новости
132
оқылды
Бүгін Беларусьте президент сайлауы өтуде. БЕЛТА агенттігініғң хабарлауынша, ОСК-да 153 аумақтық сайлау комиссиясы және 5723 учаскелік комиссия құрылды. Дауыс беру үшін 5767 учаскі құрылды, оның ішінде 231-і – санаторийлерде, профилакторийлерде, демалыс үйлерінде, ауруханаларда және стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін басқа денсаулық сақтау ұйымдарында, 13-і – әскери бөлімдерде және 44-і – Белоруссиядан тыс жерлерде. Сайлау учаскелері 8:00-де ашылды. Сайлауда 6 836 585 адам дауыс бере алады. 248 халықаралық және 50 мыңға жуық ұлттық бақылаушылар болады. – Биыл  Беларусь азаматтарының президенттік сайлау науқанына айтарлықтай қызығушылығы бар. Сайлаушылардың келуі алдыңғы сайлауларға қарағанда анағұрлым жоғары болады деп күтілуде, делінген Беларусьтің Қазақстандағы елшілігінің хабарламасында. Қазірге дейін қанша адам дауыс бергені белгісіз. Президенттікке кандидаттар:
  1. Беларусьтің қазіргі президенті, 1994 жылдан бері елді басқарып келе жатқан Александр Лукашенко;
  2. "Говори правду!" қозғалысының көшбасшысы Андрей Дмитриев;
  3. Өзін-өзі ұсынған кандидат Светлана Тихановская – блогер Сергей Тихановскийдің әйелі;
  4. Беларусь социал-демократиялық Грамадасының төрағасы Сергей Черечень;
  5. Өкілдер палатасының экс-депутаты Анна Канопатская.