Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 182 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 108 бала бар. Стационарларда 5 021 науқас жатыр. 20 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Жалпы науқастардың арасында 121 адамның халі нашар. Соның ішінде 29 науқастың жағдай аса ауыр деп бағалануда. 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. [caption id="attachment_63417" align="alignnone" > фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі[/caption]