Конор МакГрегор сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
Конор МакГрегор сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
фото: instagram
177
оқылды
Екі салмақ дәрежесіндегі UFC-дің экс-чемпионы Конор МакГрегор сүйіктісі Ди Девлинге үйлену туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Маңызды қадам қызының туған күніне орай жасалған, бұл туралы ирландиялық UFC жұлдызы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. МакГрегор сүйіктісімен түскен суретін жариялады, онда сақинаны көруге болады. "Қандай туған күн, менің болашақ әйелім", - деп жазған спортшы. Айта кетейік, Конор МакГрегор мен Ди Девлин 2008 жылдан бері қарым-қатынаста, екі балалары бар - ұлы Конор Джек пен қызы Кроя. Фото: instagram