Моңғолияда COVID-19 жұқтырғандардың 90 пайызы сауығып шықты
Моңғолияда COVID-19 жұқтырғандардың 90 пайызы сауығып шықты
фото: ашық дереккөз
121
оқылды
Моңғолияда COVID-19 жұқтырғандардың 90 пайызға жуығы сауығып шықты. CentralAsia ақпаратынша,  өткен тәулікте 3 пациент жазылды. Сонымен қатар, жаңадан вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар тіркелген жоқ. Елде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың 90 пайызы жазылды. Бұл туралы бүгін Ұлттық жұқпалы ауруларды зерттеу орталығының қадағалау және зерттеу бөлімінің басшысы А. Амбасэлмаа хабарлады. "Өткен тәулікте ҰЖАЗО және Дархан қаласының зертханасында коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларын анықтау үшін 592 тест өткізіліп, барлық сынақ нәтижесі теріс нәтиже көрсетті. Бүгінгі жағдай бойынша ел ауқымында вирус жұқтырған 293 адам тіркелген және олардың барлығы шет мемлекеттен келгендер. 263 адам толық сауығып, 30 адам амбулаториялық ем алуда", - деді А. Амбасэлмаа.