Нұр-Сұлтан қаласында түркістандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Нұр-Сұлтан қаласында түркістандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
5,150
оқылды

ҚР Конституция күніне орай, 31 тамыз және 1 қырқүйек күндері елордада тұрақты дәстүрге айналған Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Шараға Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов қатысты.

Жәрмеңкеге «Қазақстанда жасалған» жобасы аясында Жетісай ауданынан «Улугбек» ЖК аяқ киім өнімдерін, Төлеби ауданы «Ленгер Текстиль» ЖШС арнайы жұмыс киімдерін әкелді. Сондай-ақ, Сайрам ауданы «Алтын адам» ЖШС ерлер костюмдері мен мектеп киімдерін қала тұрғындарына қол жетімді бағада ұсынды.

Жалпы, жәрмеңкеге 39 тауарөндіруші, 275 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарды. Олардың жалпы құны 123 млн 545 мың теңгені құрады. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15 % төмен бағада сатылды.