Беларусьтегі сайлау: Тихановская командасынан 7 адам ұсталды
Беларусьтегі сайлау: Тихановская командасынан 7 адам ұсталды
фото: ашық дереккөз
128
оқылды
Беларусь Президенттігіне үміткер Светлана Тихановскаяның штабынан кеше және бүгін, жалпы саны жеті адам ұсталды. Бұл туралы TUT.by хабарлады. Үміткердің баспасөз хатшысы Анна Красулинаның ақпараты бойынша, 9 тамызда таңертең штаб басшысы Мария Мороз, кандидаттың сенімді тұлғалары Олег Моисеев, Татьяна Каневская, Юрий Власов, Андрей Смоленчук 15 тәулікке ұсталды, Гроднодағы сенімді тұлға Дмитрий Тит байланысқа шықпай жатыр, Гроднодағы сенімді тұлға Павел Мельковский 5 тәулікке сотталды, оның 100 мың парақшасы бар көлігі тәркіленді. Кеше ұсталған команда мүшесі Антон Сташевский Тергеу комитетіне ауыстырылды. "Өкінішке қарай, олардың көпшілігі туралы ақпарат ала алмай отырмыз", - деп атап өтті штаб өкілі. Еске салайық, Беларусьте Президент сайлауы өтіп жатыр. 10.00-де сайлаушылар көрсеткіші 45,55 пайызға жетті. Сайлауда қазіргі Президент Александр Лукашенко дауыс беріп қойды. Жалпы кандидаттар саны бесеу. Олар: Беларусьтің қазіргі президенті Александр Лукашенко, «Говори правду!» қозғалысының көшбасшысы Андрей Дмитриев, Өзін-өзі ұсынған кандидат Светлана Тихановская , Беларусь социал-демократиялық Грамадасының төрағасы Сергей Черечень, Өкілдер палатасының экс-депутаты Анна Канопатская.