Бейрутта наразылық білдірушілер мен қарулы күштер арасындағы соқтығыстан зардап шеккендер саны 700-ден асты. Бұл туралы Катар телеарнасы "Әл-Джазира" мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұған дейін 490 адам зардап шеккені хабарланған. Олардың ішінде қауіпсіздік күштерінен кем дегенде 70 қызметкер бар, құқық қорғау органдарынан бір адам қайтыс болды. Үкіметті отставкаға жіберу және реформалар жүргізу талаптары қойылған митингіге мыңдаған адам жиналды. Көп ұзамай ол жаппай қақтығыстарға ұласты. Демонстрация қатысушылары сыртқы істер, энергетика, экономика және қоршаған орта министрліктерінің, сондай-ақ банктер қауымдастығының ғимараттарын басып алды. Адамдар полиция қызметкерлеріне тас пен петардалар лақтырды, ал олар жауап ретінде жас ағызатын газ гранаталарын қолданды. Ливан астанасындағы қақтығыс кезінде үш мың тоннаға жуық аммиак селитрасы жарылған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғаса берді. Еске салайық, жарылыстан 150-ден астам адам қаза тапты, алты мыңға жуық адам зардап шекті, 300 мың тұрғын баспанасыз қалды.