Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұртты шошытты
Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұртты шошытты
фото: ашық дереккөз
164
оқылды
Twitter қолданушылары тамақ дайындап жатқанда дірілдей бастаған еттің видеосын көріп шошыды, деп хабарлайды sputniknews.kz. Видеоны желіге малайзиялық қолданушы жүктеген. Бойжеткен анасы тамақ әзірлей бастағанда, тақтайда ет дірілдеп кеткенін айтқан. Олар шошып, етті қайта тоңазытқышқа салды. Көптеген адам видео расымен де қорқынышты екенін жазып жатыр. Ал енді бірі шикі етте біраз уақыт бойы жүйке ұштары жұмыс істеп түруі мүмкін екенін айтуда.