UFC турнирінде Льюис Олейникті нокаутқа түсірді

UFC турнирінде Льюис Олейникті нокаутқа түсірді

Ресейлік файтер Алексей Олейник UFC Fight Night 174 турнирінде америкалық Деррик Льюистен жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Газета.ru. Ауыр салмақтылардың арасындағы жекпе-жек екінші раундтың басында аяқталды. Америкалық спортшы күшті соққылар жасап, ресейлікті құлатты. Кейін төреші нокаут тіркеді. Айта кетейік, бұл Льюистің нокаутпен аяқталған 11-ші жеңісі, бұл ауыр салмақтағы ең жақсы көрсеткіш.