Орманды өрт алды
Орманды өрт алды
159
оқылды
10-17 шілде  күндері Қазақс­тан­ның  мемлекеттік орман қоры аумағында 19 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Жуалы Орман және жануарлар дүниесін қорғау комитеті хабарлады. Өңірлер арасында Ақтөбе облысы бойынша  –5 өрт, Батыс Қазақстан облысында – 9 өрт, Қостанай облы­сында – 2 өрт, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 өрт, Бурабай  мем­лекеттік  ұлттық табиғи паркінде 2 орманнан өрт шыққан. «Жыл басынан бері елімізде жалпы ауданы 22 403,25 га болатын 394 орман өрті тіркелді. Жалпы залал 1 883,5 млн теңгені құрады. Облыстық атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік орман иеленушілердің қарамағындағы ормандарда жалпы көлемі 10 282,14 га болатын 216 орман өрті тұтанып, 50 773,8 мың теңге залал келді» деп хабарлады Орман және жа­нуарлар әлемін қорғау комитетінің баспасөз қызметі. Орман шаруашылығы және жануар­лар дүниесі комитетінің қарамағындағы ормандарда жал­пы ауданы 12 121,11 га өрт болып, 1 832 738,4 мың теңге  шығын келген. Өрт сөндіру барысында Жуалы орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының екі қызметкері жарақат алған.                   

 Айбике ЖАНАСЫЛ