«Қайран елім» әні Димаштың жүрегінен өткізген уайымы Отаны мен әлемге деген алаңдаушылығынан туындаған тілегі іспетті. Негізінен, шығарма тақырыбына миллиондаған әлем тұрғындарының өмірін коронавирус індеті эпидемиясы арқау болған. «Қайран елім» әнінің музыкасын – Ренат Ғайсин, сөзін – Данияр Алдаберген, Орал Байсеңгір жазған. Бейнебаян бір сағат ішінде 50 мыңға жуық адам тамашалаған. 3,500-дей адам пікір жазған. Мазмұны терең, трагедия мен үміті қатар, жүректі тербер эмоцияға толы музыкалық композиция – «Қайран елім» бейнебаянына милиардтаған әлем халқының өмірі, коронавирус пандемиясы арқау болған.
«Қайран елім» – адамзатқа жасалған үндеу іспетті, қорқынышты жайтқа қарамастан, жақсылықтан үмітіміздің барын ұғындыру. Барлық ауыртпалықты еңсеретінімізге сендіргіміз келеді. Дәл қазіргі таңда ең бастысы – мықты болуымыз керек», – дейді Ренат Гайсин мен Димаш Құдайберген.https://youtu.be/K45qdRAIWaM