Беларусьтегі президент сайлауының қорытындысы қашан жарияланатыны айтылды
Беларусьтегі президент сайлауының қорытындысы қашан жарияланатыны айтылды
Фото: Интернеттен алынды
192
оқылды
Беларусь ОСК төрағасы Лидия Ермошина сайлаудың соңғы нәтижесі дүйсенбі күні (Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05:00-де ред.) жариялануы мүмкін деді. Бірақ ВВС агенттігінің хабарлауынша ол әлі шықпаған, – деп жазады «Қазақпарат». ТАСС-тың мәліметінше, СТВ телеарнасының тапсырысы бойынша өткізілген экзитпол Александр Лукашенкоға – 71,4%, оппозицияның негізгі кандидаты Светлана Тихановскаяға 10,1% дауыс бергенін көрсеткен. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, жексенбі күні кешке Беларусьтің кейбір қалаларында сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша наразылық акциясыы басталды. Түнге қарай Беларусьтің жетекші БАҚ сайттарының жұмысында техникалық ақау пайда болды. Ресми билік сайттары, оның ішінде 2020 жылғы сайлауға арналған портал да уақытша жұмыс істемей тұр.