«10 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шарасын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 508 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 257,3 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 241,6 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды» делінген хабарламада. 2 млн 508 мың өтінімнің ішінде: – 835,1 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген; – 641 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 381,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 650,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 835,1 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта); – 231,1 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген; – 1 млн 441,8 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Төлем 2 млн 282 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 257,3 мың қазақстандыққа аударылды. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.