Абайдың «толық адамын» танымай, таныта алмай жүрміз – Тоқаев ақын мұрасын ғылыми-зерттеудегі мәселені айтты
Абайдың «толық адамын» танымай, таныта алмай жүрміз – Тоқаев ақын мұрасын ғылыми-зерттеудегі мәселені айтты
Фото: Интернеттен алынды
Мақалада абайтануды жан-жақты зерделеу керегіне тоқталған. Абай мұрасын ғылыми-зерттеу жүргізу үшін бір орталыққа топтастыру мәселесін де айтты. «Абай – біздің ұлтымыз бен жұрты­мыз­ды танудың төте жолы. Ұлы ақын бізге мазмұндық тұрғыдан өлшеу­сіз, ха­­лық­тың рухани азығына айнал­ған мұра қалдырды. ХХІ ғасырға қадам бас­сақ та, Абайдың көзқарасы заман­ауи із­гі­лік қағидаттарына және Қа­зақ­стан қо­ғамының басты құндылық­тарына, оның бірлігі мен берекесіне толықтай сай ке­летіндігіне тағы да бір мәрте көз жеткі­земіз. Ұлы данышпан ұлттың рухани мә­дени, адами бет-бейнесін асқан көре­гендікпен сипаттаған. Оның ұлылығы да осында. Абайдың даналық сөздері қазақ халқының алтын тұғыры, түп негізімізге үңіліп, ұлттық ұстынымызды іздеген көп­теген ұрпақтың басын біріктіретін мәң­гілік рухани тірек болып қала бермек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» деген бо­латын. Бұл тұжырым бізді ақын әлеміне терең бойлауға, жаңаша ойлауға мін­деттейді. Қазір елімізде абайтанумен айна­лы­сатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығы бар. Осылардың жұмы­сын жүйелеп, елордамыздағы Абай акаде­миясының төңірегіне топтастырған жөн. Академия барлық зерттеу меке­мелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады. Алдағы уақытта гуманитарлық пән­дер­дің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абай­тану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абай­та­ну» оқулығы мен хрестоматиясын әзір­леу қажет. Сондай-ақ Абайдың «толық адам» ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс. Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек. Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абай­мен мақтануға тиіс!», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.