Коронавирусқа шалдыққан 246 науқас өлім мен өмірдің арасында жатыр – министрлік мәлімдемесі
Коронавирусқа шалдыққан 246 науқас өлім мен өмірдің арасында жатыр – министрлік мәлімдемесі
Фото: Интернеттен алынды
93
оқылды
«10 тамыздағы ақпаратқа сәйкес коронавирус инфекциясынан 25 650 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 105 бала бар. Стационарларда 4 713 науқас жатыр. 20 937 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 246 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 69 науқастың жағдайы аса ауыр. 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған» делінген ресми хабарламада. Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай күн сайынғы нәтиже туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады.