Мемлекеттік хатшы қоғам қайраткерлерімен бірге Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Мемлекеттік хатшы қоғам қайраткерлерімен бірге Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Фото: "Қазақпарат" агенттігінен алынды
Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Нұр-Сұлтандағы Абай ескерткіші жанында ақынның мұрасын насихаттау мақсатында салтанатты жиын өтті. Гүл шоқтарын қою рәсіміне Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Дәурен Абаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, елорда әкімі Алтай Көлгінов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов қатысты. Мұндай салтанатты рәсім еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр. Еске сала кетейік, Үкіметтің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді.