Тоқаев Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтады
Тоқаев Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтады
© сурет интернееттен алынды
5,144
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.
«Саяси жағдайдың күрделі болғанына қарамастан сайлаудың қорытындысы халық Сіздің Беларусь мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға негізделген стратегиялық бағытыңызды қолдайтынын көрсетті», – делінген жеделхатта.
Президент екі ел халқының игілігі үшін Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да табысты дами береді деп сенетінін жеткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасының президенті ретінде ойға алған барлық жоспарын толық жүзеге асыруды, ал Беларусь халқына бейбітшілік, өзара түсіністік пен өсіп-өркендеу тіледі.