"Қазгидромет" РМК 11-13 тамызға арналған ауа-райы болжамы жариялады. Аптаның бірінші жартысында елімізге оңтүстіктен ойысып келген циклон өз әсерін сақтайды.
"Республиканың басым бөлігінде, солтүстік және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Атмосфералық фронттардың біздің аумақтан жүріп өтуіне байланысты қатты жел тұрып, бұршақ арпалас жаңбыр жаууы да мүмкін. Солтүстікте ауа температурасы түнде 7 ... 15, күндіз 15 ... 20 градус деңгейінде болып, сынап бағанасы кәдімгідей төмендейді, - делінген хабарламада.