Елордалықтар Абайдың мерейтойына арналған жаңа челлендж бастады
Елордалықтар Абайдың мерейтойына арналған жаңа челлендж бастады
145
оқылды
Нұр-Сұлтан тұрғындары қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай #Абай175 #Abay #Abai #Абай музыкалық челленджін іске қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Абайдың әнін түрлі салада қызмет ететін мамандар:  дәрігерлер, автобус жүргізушілері, полицейлер, құтқарушылар, мұғалімдер, сондай-ақ түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер алдымен орындады. Оларды қазақстандық эстрада жұлдыздары Майра Ілиясова, Қыдырәлі Болманов, Айгүл Иманбаева, Қайрат Баекенов қолдады.  />

Барлығы сүйіп тыңдайтын, халықтың құлағында жатталып қалған «Көзімнің қарасы» әні жаңаша шырқалды. Тұрғындар композицияны шырқап қана қоймай, оны түрлі аспаптарда да орындады.

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, біз әрқашан мақтан тұтатын тарихи тұлға. Музыкалық челленджге қатысушылар қазақ даласының ұлы есімдерін бірге қолдауға және бастамаға қатысуға шақырды.

<iframe src=
«Абайдың 175 жылдығына арналған челленджді барша қазақстандыққа жолдаймыз. Біз біргеміз! », – дейді еріктілер.
Еске сала кетейік, 30 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуын атап өту туралы жарлыққа қол қойған болатын. Қазақстанда алғаш рет жаңа ресми мереке «10 тамыз – Абай күні» бекітілді.