Нұр-Сұлтан тұрғындары қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай #Абай175 #Abay #Abai #Абай музыкалық челленджін іске қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Абайдың әнін түрлі салада қызмет ететін мамандар: дәрігерлер, автобус жүргізушілері, полицейлер, құтқарушылар, мұғалімдер, сондай-ақ түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер алдымен орындады. Оларды қазақстандық эстрада жұлдыздары Майра Ілиясова, Қыдырәлі Болманов, Айгүл Иманбаева, Қайрат Баекенов қолдады.
«Абайдың 175 жылдығына арналған челленджді барша қазақстандыққа жолдаймыз. Біз біргеміз! », – дейді еріктілер.Еске сала кетейік, 30 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуын атап өту туралы жарлыққа қол қойған болатын. Қазақстанда алғаш рет жаңа ресми мереке «10 тамыз – Абай күні» бекітілді.