Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады - министрлік
Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады - министрлік
© сурет интернеттен алынды
101
оқылды
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру өсімі тоқтады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов  айтты.
«Қазақстанда КВИ жұқтыру өсімі тоқтады. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. 13 наурыздан бастап КВИ-мен 99 442 адам ауырды. Жазылып шыққандар саны – 72 523 (72,9%) адам. Стационарда 4713 адам ем қабылдауда, 20 937 адам амбулаторлық жағдайда емделуде», - деді ол.
Науқастардың арасында 246 адамның жағдайы нашар, 69 адамның денсаулығы өте нашар деп бағаланады. Жалпы, 70 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған. Бағдат Қожахметов ДСМ жағдайды осы қалпында ұстап тұру үшін бар күшін салып жұмыс істейтінін, сондай-ақ қауіп сейілгенімен, халыққа әлі де болса толық босаңсуға болмайтынын айтты.