Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын: II дәрежелі "Достық" орденімен Америко Эдельсио – Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы Ганем Халед Ас-Саид – Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы Кибар Зафер – жазушы, Түркия Республикасы Кошут Леонард – әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы Манн Джейн – Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Мәжит Ақбар – жазушы, Қытай Халық Республикасы Пряхин Георгий Владимирович – Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті, Ресей Федерациясы Пуиг Мария Санчес – Мадридтегі "Комплутенсе" университетінің профессоры, Испания Корольдігі Хачатрян Шушан – Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы Хуанчжан Ха – аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы Шатқам Қажымұхамет – жазушы, Иран Ислам Республикасы.
"Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.